Зертханалық жұмыс №2

Жұмыстың тақырыбы: Көкөністен жасалған тағамдарды дайындау.

Тапсырма: Гарнирлер мен көкөніс тағамдарын дайындау.

Сәбіз қосылған картоп езбесін дайындау,алма мен сәбізден пудинг,алма немесе курага қосылған бұқтырылған қызылша дайындау,курага қосылған асқабақ бұқтыру,көкөністерден суфле.

Ыдыстар мен құралдар: сыйымдылығы 1-2 л кастрюльдер,будың үстінде қайнату үшін кастрюльдер,пышақтар,елек,пудинг,қасықтар,қозғағыш,тапалар,баранчики,асханалық тарелкалар,асханалық приборлар,турайтын тақтай.

Сәбіз қосылған картоп езбесі.

Картоп 240 г,сәбіз 61г,қайнаған сүт 33г,сары май 5г,тұз 2г,тамақ дайын болғанда жіберетін сары май 5г.Шығымы-225г.

Тазартылған сәбізді бөлшектерге бөліп сары май қосылған суға салып алады.Шикі тазартылған ақтүйнекті будың үстінде немесе тұздалған ыстық суда дайын юолғанша пісіреді.

Ыстық көкөністерді електен үгіп өткізеді де ыстық сүтпен күйдірілген майды қосады.Езбені дайындап болған соң асханалық тарелкаға салып береді.Езбенің үстіне қасықпен өрнек салып сары май құяды.Диетаның түріне қарай аскөк салады.

Сапалық талап.

Консистенциясы - қою,сәбіздің және ақтүйнектің үгітілмей қалған түйнектерінсіз біркелкі масса.

Түсі - ашық - қызғыш сары.

Дәмі мен иісі жеңіл тұздалған,нәзік,қайнаған сәбіз бен ақтүйнекке тән сүт пен сары майдың хош иісімен.Сүттің күйген дәмі болмауы тиіс.

Алма мен сәбізден пудинг.

Сәбіз 141г,жаңа алмалар 116г,жарма 10г,сүт 40г,жұмыртқа 1/4,сары май 5г,қант 5г,тұз 2г,тағам дайын болғанда беретін сары май 10г.Шығымы-210г.

Сапалық талап.

Консистенциясы - жұмсақ.

Көкөністерден суфле

Сәбіз 75г, түсті қырық қабат 129г,көк бұршақ 60г,сары май 5г,жұмыртқа 1/2 дана,сүт 20г,қант 5г,соус 35г,тұз 2г,дайын болғанда қосатын сары май 5г.Шығымы-230г.



Қою сүт соусы үшін: сүт 26г,ет қайнатпасы немесе су 5г,сары май 4,5 г,бидай ұны 4,5 г,тұз 0,3 г.Шығымы-35г.

Сәбізді турап сары май қосылған сүтке жібітіп қояды.Түсті капустаны тұздалған суда қайнатады.Капустаны өзінің шырынында жібітіп қояды.

Дайын көкөністерді ет өткізгіштен өткізіп,оны қою сүт соусымен және жұмыртқа сарысымен қосады.Массаны жақсылап араластырып,шайқалған ақуызбен біріктіреді.Массаны араластырып,майланған қасыққа салып,бетін тегістейді де будың үстінде 30-35 минут қайнатады.Суфле дайын болғанда тарелкаға салып май құяды.№2 диета үшін суфлені духовкада пісіреді,қаймақпен беруге болады.

Сапалық талап.

Консистенциясы - жұмсақ,суфленің қалпы сақтаулы.

Дәмі мен иісі-жібітілген және қайнатылған көкөністер мен жұмыртқаның,сүттің дәміндей.

Түсі-сарғыш-қызғылт ақ.

Алма немесе курага қосылып бұқтырылған қызылша(№2,5,7/10.15)

Қызылша 223г,алма 71г немесе курага 20г,қант 5г,сары май 10г,қаймақтан жасалған соус 25г,дайын болғанда қосатын сары май 10г.Шығымы-260г.

Қаймақ соусы үшін:бидай ұны 1г,сары май 1г,көкөніс қайнатпасы немесе су 12г,қаймақ 12г.

Қызылшаны қайнатып немесе бүтіндей пісірілген етіп,тазалап,жіңішке ұзынша етіп немесе дөңгелектеп турайды.Алманы ұзыншалап турап,қаймақ соусын,сары майды,қантты қосып 10-15 минут бұқтырады.Дайын болған қызылшаны алма мен ыдысқа салып май құяды.

Курага қосылған тағамды дайындау барысында 2-3 сағатқа суға жібітіп қояды да қайнатады,майдалайды,оған езбесін қосады.Қаймақ соусын дайындау үшін ұнды қыздырып,түсін өзгертпей және күйдірмей,сары маймен араластырып,көкөніс қайнатпасын немесе су құйып біркелкі масса пайда болғанға дейін жақсылап қозғап,25-30 минут қайнатады.Ыстық ақ соусқа қайнатылған қаймақты салып,тұз салып 3-5 минут қайнатады,сосын суытады.



Диеталық тағамдарды дайындау технологиясы бойынша лабораториялық жұмыстар.

Есеп беру.

Тағам аты Рецептер Аталған тағам диетаның қай түріне жатады Тағам дайындауға арнайы кулинарлық қабылдаулар Астықтың негізгі шығуы
Алма мен сәбізден пудинг. 1-Лабораториялық жұмыс №1,2,5,7/10,15 диеталар, №1 асқазан жарасының ауруы, №2 созылмалы гастрит, №5 бауырдың ауруға шалдығуы, №7 өткір немесе хронический нефрит, №10 жүрек жүйесінің ауруға шалдығуы, №15 түрлі аурулар Сәбіз 141 г, жаңа алмалар 116г ,сүт 40 г, жұмыртқа 1\4 сары май 5 г, тұз 2г 210г

Тағам аты Сыртқы түрі Дәмі мен иісі Реңі Құрамы Оқытушының тағам дайындауға ескертуі
Алма мен сәбізден пудинг Қоймалжың Жеңіл тұздалған хош иісті Нәзік сарғыш-қызғылт ақ теңбілмен Сәбіз, жаңа алма манная сүт жұмыртқа сары май тұз Тағам уақытылы дайын болмады

Есеп беру.

Тағам аты Рецептер Аталған тағам диетаның қай түріне жатады Тағам дайындауға арнайы кулинарлық қабылдаулар Астықтың негізгі шығуы
Көкөністерден суфле Лабораториялық жұмыс №1,2,5,7/10,9 диеталар, асқазан жарасының ауруы, созылмалы гастрит, бауырдың ауруға шалдығуы, өткір немесе хронический нефрит, қант диабеті Сәбіз 75г, түсті қырық қабат 120г,көк бұршақ 60г,сары май 5г,жұмыртқа 1/2 дана,сүт 20г,қант 5г,соус 35г,тұз 2г, 230г
Тағам аты Сыртқы түрі Дәмі мен иісі Реңі Құрамы Оқытушының тағам дайындауға ескертуі
Көкөністерден суфле Қоймалжың Жеңіл тұздалған, нәзік, сәбіз бен ақ түйнекке тән сүт пен сары майдың хош иісімен Ашық- қызғыш сары Сәбіз, түсті қырыққабат көк бұршақ сары май сүт қант соус тұз

5826479457879377.html
5826536193135499.html
    PR.RU™